Accessibility links

Тәжікстанда теракт әзірледі деген күдікпен шамамен 20 адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Наурыз мейрамын тойлап жатқан күндері Душанбеде теракт жасамақ болды деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады. Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

29 наурызда "Азия-Плюс" медиа тобы және Reuters дереккөздерге сүйене отырып, "Крокустағы" терактіге қатысы бар деген күдікке ілінген 9 адам ұсталғанын хабарлаған. Ресми орындар бұған түсініктеме бермеді.

Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер Вахдат, Рогун және Нүрек қалаларының тұрғындары, бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған.

"Қарулы топ Душанбеде Наурыз мейрамына арналған шара кезінде теракт жасамақ болған. Мереке 24 наурызда өтуі тиіс болған, алайда ол 25 наурызға шегерілген. Теракт жөнінде ақпарат алған ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет және ішкі істер министрлігінің жасағы астанадағы "Тәуелсіздік алаңын" бақылауға алды. Күдіктілер ұстағаннан кейін қауіп сейілді, шара өтті" деді радионың құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.

Оның сөзінше, істі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бас прокуратурамен бірігіп тергейді.

Қамалғандар арасында жасы кәмелетке толмағандар да бары айтылады.

XS
SM
MD
LG